Ресейде 15 жастағы оқушы атыс шығарды

361

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы гимназиялардың бірінде оқушы пневматикалық тапаншадан оқ атқан. Бұл ақпаратты Санкт-Петербург пен Ленинград облысындағы ІІМ Мемлекеттік басқармасында растады -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полицияға бұл жайтты жергілікті тұрғын қоңырау шалып айтқан. Ол үйлердің бірінің ауласында екі жасөспірім тапанша тәрізді затпен атыс ұйымдастырғанын айтты. Полиция оқиға орнына жетіп, 16 жастағы мектеп оқушысымен сөйлескен.

Ол өзінің 15 жастағы сыныптасы оқ атқанын айтты. Полиция тәртіп бұзушыны тапқан. Ол тапаншаны даладан тауып алғанын айтты. Жасөспірім оқ атып көргісі келгенін, осы мақсатта ағаштарға атқанын жеткізді. 

Қару тәркіленіп, атылған адам ата-анасына тапсырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер бар-жоғы анықталып жатыр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.