Алматы облысында университеттің 9 гектар жерін жымқырған

357

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы облысында 9 гектар жер учаскесі түріндегі мүлікті ұрлады деген күдікпен шенеуніктер ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram каналында хабарлады.  

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы қызметкері, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің және Қарасай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшылары ұсталды.

Олар 2018 жылы орын алған Кемертоған кентінде орналасқан ауданы 9 гектар жер телімі түріндегі университеттің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінген.

Ведомствоның мәліметінше, университеттің жер телімі бірнеше телімге заңсыз бөлінген және жалған құжаттармен ұсталған тұлғаларға үлестес болып рәсімделіп, кейін басқа сатып алушыларға сатылған.

"Аталған тұлғалар қылмыс іздерін жасыру және жер телімін университет балансына жалған қайтару мақсатында 2021 жылдың қаңтарында құқық белгілейтін құжаттарсыз мемлекеттің жер қорынан Көлді кентінде санитарлық аймақта орналасқан, жеке меншікке беруге жатпайтын жер телімін заңсыз бөлген", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктілерге соттың санкциясымен бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Тергеу амалдары жалғасуда. Осы қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.