Тауда адасып кеткен турист құтқарушылар қоңырауына тәулік бойы жауап бермеген

409

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Колорадо штатында тауда адасып кеткен америкалық турист құтқарушылардың қоңырауына тәулік бойы таныс емес нөмір болғандықтан жауап бермеген- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

18 қазан сағат 20:00-де құтқару қызметіне Эльберт тауына кеткен туристтің белгіленген орынға келмегені туралы хабар келіп түскен. Ол таңғы 09:00-де аттанған. Алдымен құтқарушылар ер адаммен ұялы телефон арқылы байланысқа шығуға тырысқан. Алайда қоңырауға ешкім жауап бермеген. Осы кезде америкалық туристі іздеуге құтқару тобы жіберіліпті. 

Эльберт шыңы мен таулы аймақтарда іздеу жұмыстары түнгі 03:00-ге дейін жүргізілген. Келесі күні де құтқарушылар іздеуді жалғастырған. Алайда 09:30 шамасында құтқарушыларға туристің аман-есен қайта оралғаны жайлы хабарлаған. 

Кейін белгілі болғандай ер адам қараңғы түскен соң қайтар жолдан адасып қалған. Саяхатшы таныс емес нөмір болғандықтан тұтқаны алғысы келмегенін мәлімдеген. Келесі күні ол өзі бетінше көлігін тауып, үйіне оралған. Құтқару қызметіндегілердің айтуынша, ол өзін іздеуі мүмкін деп те ойламаған екен. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.