Гарвард грантын иеленген 20 жастағы вундеркинд өлі табылды

591

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің үздік түлегі Ақназар Қажымұраттың мәйіті табылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақназарға туған-туыстары әлеуметтік желіде  іздеу салған болатын. Ол 3 қарашада із-түзсіз жоғалып кеткен. Сол күні кешкі уақытта әжесімен телефон арқылы сөйлескен ол одан кейін байланысқа шықпапты.

Алматы қалалық полиция департаменті ұсынған мәліметі бойынша, 4 қарашада Ақназар Қажымұраттың жоғалуына байланысты арыз түскен. Содан арнайы іздеу тобы құрылды.  

Бүгін криминалдық полиция қызметкерлері жас жігіттің денесін Бостандық ауданынан тапты. Денесінде зорлық-зомбылық іздері жоқ. Қазіргі кезде Ақназардың өліміне себеп болған жайттар анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кететіні, Ақназар Қажымұраттың есімі 2018 жылы әлемнің жас дарындары арасында кеңінен танылды. Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарынан сүрінбей өтіп, ең жоғары көрсеткішке — 36-дан 36 және 2400-ден 2400 алған. 
Соның арқасында Американың кез келген үздік жоғары оқу орнын таңдауға мүмкіндік алған. Ол Гарвард университетінің грант иегері еді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.