Қызылордада жоғалып кеткен қыз төрт күннен бері табылмай жатыр

459

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: polisia.kzҚызылорда облысының тәртіп сақшылары балалар үйінен қашып кеткен үшінші тәрбиеленушіні әлі іздеп жатыр. 16 жастағы қыздың жоғалғанына төрт күн болған деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің Instagram парақшасы. 

Ведомствоның мәліметінше, Қызылорда қаласындағы "отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы" үйінің тәрбиеленушісі 27.08.2004 жылы туған Нугманова Ділда Мусабековна 25 наурыз күн сағат 02:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. 

Осыған байланысты Қызылорда облысының полиция департаменті іздеу салады. 
Белгілері: бойы 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім болған. 

Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25. 

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды. Сол кезде екі қыз Алматыдағы балалар үйіне жеткізілген болатын.
 Ал үшінші қызды іздеу жұмыстары жалғасуда. 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.