Ақмолада газ баллоны жарылып, үш адам көз жұмды

326

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақмола облысында газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Stan.kz"сайтына сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ деректері бойынша 16 қарашада Ақмола облысының Шортанды ауылы Линейная көшесінде газ баллоны жарылған.
ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли Шортанды кентінің №18 кезекші қызметіне хабарлама 21:38-де келіп түскен.
“Оқиға орнына келген қызметкерлер тұрғын жайдың шатыры өртенгенін анықтаған. Өрт аумағы шамамен 350 шаршы метрді құрады. Өрт 22:35-те қоршауға алынып, 23:55-те өшірілді. Оқиға орнында үш адамның денесі табылды. Түрлі жарақаттармен 10 адам аудандық орталық ауруханаға жатқызылды”, – дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге ТЖД күштерінің 35 қызметкері мен жеті техникасы, сондай-ақ "Жер Ана" ЖШС МЕӨҚҚ төрт қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.
“Өрттің себептерін анықтау үшін Ақмола облысының тергеу-жедел тобы мен зерттеу-өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр” – дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметінде.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.