Сот Бақытгүл Хаменованы неге қамауға алмағанын түсіндірді

298

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың не себепті үйқамаққа жіберілгенін түсіндірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметінде, сот ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының Хаменоваға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарады.

"Сот күдіктінің жалғыз басты әйел екенін, Атырау қаласында тұрақты тұратын жері бар, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, бұрын сотталмағанын, екі кішкентай баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының болуын есепке алып, сот оған қатысты процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажеттігі туралы қорытындыға келген", – делінген хабарламада.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.