Бақытгүл Хаменова екі айға қамауға алынды

324

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бұған дейін ірі көлемде пара алды деген күдікпен үйқамаққа алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тұтқындалып, екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл ақпаратты 22 желтоқсанда Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы бойынша шенеунікке бұлтартпау шарасы өзгертілген. Атырау облысының прокуратурасы Хаменованы қамауға алу туралы өтініш берді.

Бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталуына қатысты істің мән-жайы айтылған болатын.

Айта кетейік, тергеу судьясы күдікті жалғыз басты әйел, Атырау қаласында тұрақты мекенжайы барын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, жалтармағандығын, бұрын сотты болмағанын, жалғыз өзі екі жас баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының бар екенін назарға алып, процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажет екені туралы қорытындыға келген еді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.