Жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза болды

405

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Орал-Атырау тасжолында "КамАЗ" бен Toyota Camry көлігі соқтығысты. Апат салдарынан бес адам қаза болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Өңір полициясы мәліметінше, жол апаты 14 қаңтарда сағат 7.55-те болған.

"Көліктер соқтығысқаннан кейін өрт шыққан. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 345-бабы "Жол-қозалысы ережісін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды", - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, жеңіл автокөлік толық жанып кеткен. Қаза болғандардың жеке басы әлі анықталған жоқ.

Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.