Қорға бір күндік жалақыны аудару қажет емес – Тоқаев

384

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қорына бюджет қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударуы қажет еместігін айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Ірі бизнес өкілдерімен кездесіп жатқан Президент "Қазақстан халқына" қорына бір күндік жалақы аударуға қарсы екенін айтты.

Менің үндеуімді қабылдап, "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударғандарыңызға алғысымды білдіремін. Бұл игі және дер кезінде жасалған іс-шаралар жоғары бағаға лайық. Бұл жерде формализм деген атымен болмауы тиіс,— деді мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттік қызметшілердің, бюджеттегілердің бір күндік жалақысын аудара бастағанын, бірақ бұның мүлдем қажеті жоқ бастама екенін айтты.

"Бұл — Қазақстан халқының қоры. Сондықтан оның жұмысын ұзақ бюрократиялық процедураларсыз ұйымдастыру керек. Бұл жұмыс өте ашық болуы тиіс. Барлық ірі компаниялар салық салынатын табыстың Үкімет белгілеген пайызын қайырымдылықпен айналысатын қорға аударады деп үмітенемін", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.