Әлия Назарбаева пойызға сатылған әр билеттен пайда көрген

415

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әлия Назарбаева «Қазақстан темір жолы» ҰК «АҚ пен «Қазақтелеком» АҚ-қа делдалдық қызмет көрсететін «Инстант Пейментс»ЖШС компаниясын құрған.

Орда.кз порталында Назарбаевтың кіші қызы «Қазақтелекомның» әрбір электронды теміржол билеті мен қызметінен қыруар қаржы тауып келгені туралы ақпарат жарық көрді. 

Порталдың жазуынша, Әлия Назарбаева «Қазақстан темір жолы» ҰК «АҚ пен «Қазақтелеком» АҚ-қа делдалдық қызмет көрсететін «Instant Payments» деп аталатын компаниясын құрған. Бұл мекеме пойыздарға билеттерді онлайн сату және ұлттық байланыс операторының төлемдерін қабылдау жүйелеріне қызмет көрсетумен айналысып келген.

"Instant Payments ҚТЖ, Қазақтелеком және пойыз билеттерін жинақтаушы компаниялардан алатын өзінің тұрақты комиссиясын белгіледі. Қазір ол 44,8 теңгені құрап отыр. Бірақ ақпан айынан бастап Әлия Назарбаеваның ЖШС-ы оны 67 теңгеге дейін көтеруді жоспарлаған.


Айта кетейік, Instant Payments компаниясы 2011 жылы құрылды. Оның 2022 жылғы қаңтардағы құрылтайшылары – Әлия Назарбаева мен Диас Мадигожин", - делінген аталмыш дерек көзінің мәліметтерінде.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.