СОТТАЛҒАН АЗАМАТ ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫН АШТЫ

243

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат құс шаруашылығын ашып, өз кәсібін дамытуда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Сотталған қайтарымсыз гранқа қол жеткізу үшін «Кәсіпкерлік негіздері» курсын тәмамдап, сол бойынша өзінің бизнес жоспарын құрады. Ол жобасы комиссия тарапынан қолдау тауып, 583 400 теңге қаражатқа қол жеткізеді. Осылайша жазасын өтеуші қазіргі таңда құс шаруашылығын дөңгелетіп отыр. 

-    «2019 жылдан бері пробация есебінің бақылауындамын. Ондағы  қызметкерлері тарапынан бізге үнемі әлеуметтік-психологиялық көмек түрлері көрсетіледі. Жұмыс жасап, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер берілуде. Жеке кәсібімді ашсам деген ұсынысымды пробация қызметкерлеріне жеткізгенмін, солардың қолдауымен мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алдым. Ойлана келе  тауық асырауға тоқталдым. Өйткені, мамандығыма сай келеді. Пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз деді»,- есептегі азамат.

Жалпы Қызылорда қалалық пробация есебінде тұрған 4 азамат кәсіпкерлік негіздерінде білімдерін жетілдірген. 

Оның ішінде  2 сотталған  курсты толық аяқтап, біреуі ағылшын тілін оқыту орталығын ашты.

Ал екінші азамат бизнес жоспарын дайындауда.

Жазасын өтеушілерге көрсетілетін мұндай қолдаулар олардың кәсібін дамытып, қоғамға тез бейімделуіне, түзелу жолына түсуіне ықпал етеді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.