Петропавлда шенеунік жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін пәтерді ақшаға сатқан

274

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры жетім балалар, мүгедектерге, көп балалы және толық емес отбасылардан ақша алып, жалға берілетін тұрғын үй алуға көмектескен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Шенеунік сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның орталықта жұмыс істемеген екі серіктесі жеті жылға сотталды.

Белгілі болғандай, жүздеген қала тұрғыны кезекте тұрған. Бес жылға пәтер алу үшін олар жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасу және банк арқылы тұрғын үй шотын ашу қажет болған. Іс материалдарынан белгілісі, директор өзінің серіктестері арқылы жалға берілетін тұрғын үй алу үшін құжаттар тізімін ұсынған және сол арқылы "қызмет" құнын белгілеп отырған. Тергеуде 10 рет пара алынғаны, бұл 5 миллион теңге көлеміндегі қаражатты құрағаны айтылды.

"Бір пәтер үшін 500 мыңнан 600 мың теңгеге дейін алған. Тиісінше, процесті жылдамдақысы келген адамдар қылмысқа қатысы барларға пара берген. Ал олар ақшаны жұмыспен қамту орталығының директорына берді. Директор тиісті органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына шектелді және 8 жылға бас бостандығынан айырылды", – деді Петропавл қалалық сотының судьясы Сәуле Литфуллина.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.