35 ел өз азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берді

306

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Соңғы күндері өз азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берген елдердің саны күрт өсіп келеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған деректерді "Пул №3" Telegram арнасы келтіреді. 

Бұған дейін 20-ға жуық ел әскери қақтығыстан қорқып, өз азаматтарына Украина аумағынан кетуге кеңес бергені туралы хабарланған болатын. Олардың қатарында Австралия, Ұлыбритания, Латвия, Израиль, Канада, Греция, Жаңа Зеландия, Нидерланды, Норвегия, АҚШ, Сонымен қатар Финляндия, Черногория, Эстония, Оңтүстік Корея, Жапония, Бельгия, Германия және Литва бар.


Өткен түнде тізімге Кувейт, Ирак, Италия, Испания, БАӘ, Сауд Арабиясы, Швеция, Словения, Иордания, Палестина, Марокко, Люксембург, Багамалар, сондай-ақ Солтүстік Македония, Албания, Болгария, Бахрейн және Кипр қосылды.


Өз кезегінде Еуроодақтың (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуроодақ Украинадағы дипломатиялық өкілдіктерін жаппайтынын мәлімдеді.


Айта кетейік, 11 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Ресей Украинаға кез келген уақытта, соның ішінде Бейжің Олимпиадасы уақытында шабуыл жасай алады деп мәлімдеді. Ресейдің Украинаға "басып кіру" күнін АҚШ президенті Джо Байден 16 ақпан деп болжады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.