Алматы облысында 62 жастағы зейнеткер мектеп оқушысын азғындаған

352

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы облысында 14 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасап, азғындық көрсеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.


Аталған факті бойынша полицияға арыз 15 ақпанда түскен. Қаскүнем Қарасай ауданында жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды. Сол кезде полицейлердің айтуынша, ол көлікті мас күйінде басқарған. Бұл әрекеті үшін оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Кәмелетке толмаған баланы азғындатқаны үшін айыпталушы қылмыстық жауапкершілік аясында сотталуы мүмкін.


"Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 124-бабы "жас балаларды азғындату" бойынша қылмыстық тергеу тіркелді.Тергеу бақылауда және мән-жайлардың жан-жақты объективтілігіне бағытталған шаралар қабылдануда", – деп атап өтті облыстық ПД ресми өкілі Әбілтай Әбенов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.