Мұғалімдерді президенттің ұлы жайлы ашық сабақ өткізуге міндеттеген

422

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркіменстанның Лебап облысындағы мектеп мұғалімдері оқушыларға "президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердардың өмір жолы, жетістіктері және "адамгершілігі, ақылдығы, еңбек сүйгіштігі" туралы ашық сабақ өткізуге тапсырма алған, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 

"Түркіменстан хроникасы" басылымының мәліметіне қарағанда, мұндай сабақтар аймақтағы барлық мектептерде өткізіліп жатыр.

Түркіменстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы биыл 12 наурызда өтеді. Бүгінгі күнге дейін президенттікке үміткер ретінде үш адамның аты-жөні белгілі. Олар – 40 жастағы вице-премьер Сердар Бердімұхамедов, бұрынғы саяси тұтқын Гельды Кяризов және Мары облысы басшысының орынбасары, Аграрлық партия өкілі Агажан Бекмырадов.

Кяризов президенттікке Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердардың кандидатурасы көрсетілгеннен кейін, өзі де сайлауға түсуге шешім қабылдаған. Ол Бердімұхамедовтердің елді "фараондардың ұрпағы секілді шексіз династиялық формада" басқарғысы келетіні намысқа тиді дейді.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.