«Отыр, 3»!: Абаев ел туризміне төмен баға қойды

364

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев ел туризмін дамыту жолдарына тоқталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Ең бірінші – инфрақұрылым. Мысалы, қазір осы жерден кез келген өңірге велосипедтен бара алатын болсақ, онда ол туризмді дамыта алады. Яғни инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласын дамыту қажет, - дейді министр.

Абаев Қазақстан туризміне қандай баға беретінін де айтты. 

– Қазіргі уақытта еліміздің туризміне 5 балдан 3 балл беруге болады деп ойлаймын. Қызық орындар, баруға тұрарлық, бір-біріне мүлде ұқсамайтын жерлер бар. Бізде бәрі бар: таудан тасқа дейін, орманнан шөлге дейін. 5 балға жету үшін инфрақұрылым мен сервисті дамытуымыз керек, – деді ол. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.