Шымкентте кішкентай бүлдіршін балабақшадан қашып кеткен

248

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шымкенттегі балабақшалардың бірінен кішкентай бүлдіршін қашып кеткен. Оны іздеуге полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Ақырында бала табылып, мекеменің бес қызметкері сөгіс алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі жергілікті vera.kz басылымына сілтеме жасап.


Қалалық білім беру басқармасының хабарлауынша, оқиға 1 наурыз күні №60 "Тараз" мемлекеттік балабақшасында болған. 


"Тәрбиеші баланы "Жұлдыз" тобынан әжесіне қарсы алып шыққан. Бірақ бала қашып кетті. Бүлдіршіннің басқаларға байқатпастан, балабақша сыртына қалай шығып кеткені белгісіз", - деп хабарлайды басылым. 

Білім беру басқармасындағылардың хабарлауынша, бала жарты сағатта табылған. Оны іздеуге полицейлер жұмылдырылған. 

Осы оқиғадан кейін, балабақша әдіскері, тәрбиеші, кезекші тәрбиеші мен күзетші қатаң сөгіс алды. Сондай-ақ, мекеме меңгерушісі де сөгіс алып, жауапкершілікке тартылды.  
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.