Өңіріміздің тағы бір шенеунігі жұмыстан қуылды

464

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Облысымызда тендер жеңімпазынан пара сұраған мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы жазасын алды,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Біле білсек, басқарма басшысына қатысты тәртіптік іс 25 ақпанда облыстық Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған. Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің жедел тергеу барысында басқарма басшысы конкурс жеңімпазынан тапсырыстың 2 пайызын ақшалай алуды жоспарлағанын айқындалған.

Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің баспасөз қызметі
«Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың өкімімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарға жол бергені үшін Қызылорда облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметінен босатылды»,- деді.

Мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жұмыстан шығарылған экс-шенеунік бұдан былай мемлекеттік қызметте, сондай-ақ құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айырылып отыр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.