Қазақстандықтар еміне 1 миллиард теңге жинап берген қыздың жағдайы күрт нашарлап кетті

292

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақпанда қазақстандықтар "Золгенсма" препараты үшін миллиард теңге жинап берген Айсезім Еркіннің әкесі қызының жағдайы күрт нашарлап кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 


"Мәскеуге келген соң Айсезімнің жағдайын білу үшін көптеген сараптама өткіздік. Жүрегі мен асқазанын тексердік. Айсезімнің жүрегі ауырады. Сонымен қатар асқазанын да емдеу қажет. Қазір емдеп жатыр, бірақ уақыт керек.  Бірақ ең бастысы – басын сараптамадан өткізу. Сараптама нәтижесінде Айсезімнің жүрегі тоқтағанда бастағы жүйке талшығының зақымдалғаны анықталды. Бұл зақымның салдарынан басқа баратын сигнал жетпейді. Сондықтан Айсезім есін жинамады, әлі күле алмайды. Анасы Салтанатқа толық қарай алмайды. Кейде тырыспасы ұстап қалады. Біз өз тарапымыздан қолдан келгенді жасадық деп ойлаймын", - деп бөлісті әкесі Сағыныш Жақсылық.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.