«Нұрсұлтан Назарбаев қоры» КТК телеарнасының акцияларын сатып алды

357

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев КТК телеарнасының акцияларын сатып алды деп жазды turkystan.kz Bugin.kz-ке сілтеме жасап.

Арна тілшісінің мәліметінше, «Коммерциялық телеарна» АҚ-ның 2 396 156 жай акциясын бір акция үшін 500 теңгеден «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қоры ұсынған негізгі акционер сатып алды. Мәміленің жалпы сомасы – 1 198 078 000 теңге. Коммерциялық емес ұйым төлем ретінде медиа жабдығын берді.

28 ақпанда КТК телеарнасы акционерлер жиналысында 2 622 850 дана жай акция шығару арқылы АҚ жариялаған акциялар санын 8 152 925 данаға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ал 14 наурызда акционерлер жиналысы акцияның осы санын (2 622 850 жай акция) сатуға шығару туралы шешім қабылдаған.

«Коммерциялық телеарна» АҚ-ның акционерлері:

– «TV Media Advertising Agency» ЖШС жалпы 321 470 дауыс арқылы акцияның 5,81 пайызына иелік етеді.

– «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» АҚ жалпы 5 051 653 дауыс арқылы акцияның 91,36 пайызын иемденді.

Айта кетейік, «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қорының негізін қалаушы – Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.