Ақмола облысында мәдениет саласының басшылары 4 жыл бойы ақша жымқырған – прокуратура

304

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақмола облыстық прокуратурасы мәдениет басқармасына қарасты құрылымдық бөлімшелерде бюджет қаржысын жымқыру фактілерін анықтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Тергеу материаларына сәйкес, "Қаланың ақпараттық кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, оның орынбасары, тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының басшысы, сондай-ақ, қаланың орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі 2018-2021 жылдар аралығында бюджет қаржысын жымқырып келген.

"Қылмысқа мекемелердің басқа да қызметкерлері және басшылардың туыстары тартылды. Олардың бәрін жұмысқа тұрғызған, бірақ, шын мәнінде, біреуі де жұмыс істеген жоқ. Сол үшін ай сайын жалақы алған. Тіпті, іссапарға шығып, сыйақы алып жүрген. Жалған өтініштер жазылды. Ал басшылар есептесу бұйрықтарына қол қойып отырған", - дейді прокурорлар.

Сот шешіміне сәйкес, "Қаланың ақпараттық кітапхана жүйесінің" директоры және оның орынбасары жауапқа тартылып, жұмыстан шығарылды.
Ал ақпан айында Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы сотталды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.