Алматы облысында 40 жастағы ер адам анасын ұрып өлтірді

218

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы облысында полицейлер мас күйінде өз анасын сабап өлтірген 40 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Факті Алакөл ауданында тіркелді. Сәуірдің 25-інен 26-сына қараған түні ауруханаға 62 жастағы әйел түсті. Дәрігерлер егде жастағы науқасқа ауыр соққы деген диагноз қойды. Есін жимастан әйел келесі күні қайтыс болды.
Учаскелік полиция қызметкерлері оның өліміне қатысы бар деген күдікпен марқұмның 40 жастағы ұлын ұстады.

"Күдікті мас күйінде өгей әкесі мен анасын ұрып-соққаны анықталды. Әйел ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің әрекетіне қарамастан қайтыс болды. Күдікті қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша тергеу ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша жүргізілуде", - деді Алакөл аудандық полициясы. 

Полиция ұсталған азаматтың ұсақ құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын қосты.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.