Талдықорғанда ер адам малшыны көлікпен қағып кетіп, артынша оны таяқтың астына алған

276

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақсу ауданында 2 мамыр 44 жастағы ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жәбірленуші Матай стансасы маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде малшы болып жұмыс істеген. Ер адам мал бағып, отбасымен фермада тұрған.

Шаруа қожалығының басшысы Талдықорғаннан шаруашылыққа келгенде жанжал шыққан. Жұмысшы мен оның жұмыс берушісінің арасында жанжал туындап, көп ұзамай ол төбелеске ұласқан. Салдарынан малшы әйелі мен кәмелетке толмаған екі баласымен заттарын жинап, кетуге бел буған.

Полицейлер бұған дейін 43 жастағы күдіктінің Lexus-470 көлігімен жұмысшысын қуа бастағанын, оны қағып, артынша таяқың астына алғанын хабарлады.

Дәрігерлер жәбірленушіге асқынған гемопневмоторакс, тоғыз қабырғасы мен иық сүйегінің сынуы, сондай-ақ басқа да жарақаттар деген диагноз қойды. Ер адам облыстық ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған кезде ол медициналық қорытындыға сәйкес жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болған. Факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру үшін жауапкершілікті қарастыратын ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды»,- деп хабарлайды Ақсу аудандық полициясы.

Күдіктінің жол талғамайтын көлігі арнайы тұраққа қойылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.