«Газды Қытайға сату тоқтатылсын!» - министр Ақшолақов зайсандықтардың талабы жайлы айтты

286

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Зайсан халқының газды Қытайға сатуды тоқтату жөніндегі талабы ескерілетінін мәлім етті. Оның айтуынша, бұл мәселені жергілікті деңгейдегі комиссия шешеді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

«Кеше ғана тұрғындармен кездесу өткізілді. Оған менің орынбасарым қатысты. Әкімнің орынбасары болды. Жергілікті тұрғындармен бірігіп, комиссия құратын болдық. Егер олар экспортқа келісетін болса – жалғастырамыз», - деді ол.

Оның айтуынша, газдың қазіргі қалған көлемі 300-400 млн текше метр.

«Сарыбұлақ кен орнында. Зайсан ауданының жылдық тұтынуы – 20-25 млн текше метр. Сондықтан санасақ, Зайсанның 10-12 жылға жететін газы бар. Бірақ ол да шектеулі. Ертең газ таусылғаннан кейін не істейміз деген мәселе көтеріледі. Әрине, оған уақыт керек», - деді ол.

Энергетика министрі егер жергілікті әкімдік қалған шектеулі газ мөлшерімен айналадағы аумақтың бәрін газға қоса беретін болса, онда газ 11 емес, 5 жылға жетпеуі мүмкін екенін ескертті.

«Газ экспортын Қытайға уақытша тоқтаттық. Кеше кездесу барысында комиссия құру керектігіне көзіміз жетті. Министрлік өкілдірімен қатар ол комиссияға жергілікті тұрғындар да кіреді. Егер олар қалай болса да тоқтатамыз десе, онда біз тоқататамыз», - деп түйді ол.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.