"Нұр-Сұлтандағы LRT бағандары сүріліп жатыр"

432

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Нұр-Сұлтан қаласында құрылысы басталып, аяқсыз қалған LRT бағандарын бұзып жатыр деген ақпарат – жалған. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының ресми өкілі мәлім етті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


"Бүгін әлеуметтік желілерде "LRT конструкцияларын бұзып жатыр" деген видео кең тарап кетті. Осыған орай таралған видеоның өткен жылы түсірілгенін ресми түрде хабарлаймыз. Аталған бейнежазбада қытайлық консорциум жалдаған техниканың жұмысы бейнеленген. Бұл техника құрылысқа қажет бөренелерге арналған технологиялық негізді (алаңды) талдау үшін жалданған. Елордада LRT құрылысын демонтаждау бойынша ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ", - деді аталған компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Науат Азанбаева. 

Былтыр CTS компаниясы LRT құрылысының алаңында құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық басталғанын хабарлаған еді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.