ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы сотталды

264

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы А.А. Болғымбаеваға қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Антикорға сілтеме жасап.

А.А. Болғымбаева 2021-2022 жылдары өзінің қарамағындағылардан жалпы сомасы 1 675 000 теңге болатын, сыйлықақы төлемі ретінде берілген ақшалай алым жасады деп күдіктенген.

19.05.2022 жылы Алматы қаласы бойынша Түрксіб аудандық сотының үкімімен А.А. Болғымбаева мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.