Шымкентте лифтіде жүкті әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды

316

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шымкент полицейлері көпқабатты үйлердің бірінің жеделсатысында жүкті әйелді зорламақ болған ер адамды ұстады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қаратау аудандық полиция бөліміне 25 мамыр күні жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Әйел белгісіз біреу оны үйдің лифтісінде зорламақ болғанын хабарлады.

"Полицейлер бірнеше сағаттың ішінде күдіктіні ұстаған. Жас жігіт мегаполис тұрғыны болып шықты. Оны Шиелі стансасындағы вагондардың бірінде жедел топ ұстады", — деді Шымкент қаласы полиция Департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Көпті шошытқан оқиғаның видеосы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда белгісіз жас жігіттің келіншекті соңынан аңдып, подъезге бірге кіргенін көруге болады. Кейін оның артынша лифтіге көтерілген. Сәбиі балалар арбасында жатқан келіншек еш алаңсыз тұрады. Кенеттен жас жігіт оны мойнынан қылқындырып, аузын күшпен жабады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.