Қызылордада электр тарату мекемесіне 5 млн теңге шығын келтірген үшеу ұсталды

282

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада электр тарату мекемесіне бес млн теңге шығын келтірген үшеу ұсталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне қала тұрғыны арызданған болатын. 7-13 мамыр күндері аралығында белгісіз біреулер электр тарату тораптары мекемесіне тиесілі оқшаулағышын және трансформаторын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын бес млн теңгені құрады.

Басқарманың криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жеделдігінің арқасында кезекші тәулікте үш күдікті азамат анықталып, ұсталды. Олар өз ісін толықтай мойындады. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез құлық туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.