Шиповских: Қазақ тойындағы негізгі мәселе – асабалардың мәдениетсіздігі

295

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских 1001 түн бағдарламасында қонақта болып, тойдағы әдепсіздіктер мәселесі бойынша пікір білдірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Депутаттың пікірінше, қазақ тойындағы негізгі мәселе – асабалардың мәдениетсіздігі болып отыр. Сондай-ақ, көрші елдерде той өткізуге қатысты арнайы заң бар екенін атап өтті.


– Бүгінгі таңда той тақырыбы халық арасында мәдениет қалыптастыратын дүние. Негізгі мәселе – асабалардың мәдениетсіздігі. Парламент депутаты болғаннан кейін тойдың заңнамасына тоқталғым келеді. Бүгінгі таңда көрші елдерде тойға байланысты нақты заңнамалық актілер бар. Егерде сіз той жасайтын болып, 200-300 адам шақырсаңыз той бюджеті 1 млн теңге болу керек. Одан асқан жағдайда арнайы комиссия 3-4 млн теңге аралығында айыппұл салады. Жалпы бұл мәселе бұрын көтерілген еді. Сол кезде қоғам бұған дайын болған жоқ. Мәселе қозғар алдында әлеуметтік зерттеулерге жүгіндік, – деді Шиповских.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.