16 желтоқсан емес. Тәуелсіздік мерекесін тойлау күні өзгерді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстан енді егемендік мерекесін 16 желтоқсанда атап өтпейді. Бұл күн - құрбан болғандарды еске алу, тағзым ету күні болып қалады.Енді Тәуелсіздік күні ретінде Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған 25 қазанда тойланады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Ол 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын айтты. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды деді Тоқаев.
Ал 16 желтоқсан тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек деді ол.
Қаз
Рус






