Шабдарбаев: Назарбаевпен қоштасарда бір-бірімізге ауыр сөздер айттық

416

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетіҰлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Амангелді Шабдарбаев Nege.kz сайтына сұхбат беріп, бірқатар шындықтың бетін ашты. Шабдарбаевтың айтуынша, Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтың өліміне билік жауапты.

Сонымен қатар экс-төраға Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы бірқатар сырдың бетін ашты. Ол Алтынбек Сәрсенбаевты өлтірген қылмыскермен сөйлесіп, іске тереңдей бастағанда тоқтатқанын және қалай қоштасқанын, баласын қудалағанын айтты.

«2010 жылы Нұрсұлтан Әбішұлымен қоштасқан кезде бір-бірімізге ауыр сөздер айттық. Ол кісінің алдына арызымды лақтырып тастап, есігін теуіп кетіп қалғанмын. Маған: «Сені қаматамын!», – дегенде, мен оған: «Қолыңнан келсе, істеп көр», – дедім. Одан кейін баламды да қудалады. Бірақ қазір оны айтпаймын. Құлаған адамды жұдырықтайтын әдетім жоқ. Қазір ол кісіні бәрі табалап жатқан кезде оларға қосылып жамандасам, кім болғаным?..», – деді ол.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.