"Құранда қыздарға орамал тағу керектігі айтылмаған": Публицист Серік Рысжанов Құрандағы тыйымдар жайлы айтты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Құранды орыс тіліне аударған публицист Серік Рысжанов қасиетті кітаптағы тыйымдар жайлы айтты. Оның сөзінше, Құранда қыздарға орамал тағу міндеттелмеген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Публисттің сөзінше, Құран мәтінінің тура аудармасында қыздарға омырауын жауып жүруі керек екені айтылған.
Серік Рысжанов Мұхаммед пайғамбардың Құранда айтылған дүниелерді өмірде қалай қолдану керегін түсіндіріп, көрсеткенін айтады. Алайда сүннеттердің өзі пайғамбар дүниеден өткен соң 200 жылдан кейін жазылған дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Серік Рысжан Құранда Інжілдің жоққа шығарылмайтынын айтқан еді.
Қаз
Рус






