Талдықорғанда жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды

269

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бүгін таңғы сағат 8:00 шамасында Талдықорғанда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Куәгердің сөзінше, сәбидің кіндігі кесілмеген.

«Қоқыс төгуге шыққанмын. Қарасам ақ орамалға оралған бала жатыр. Кіндігі кесілмеген. Жолдасымен қоса жатыр. Бала өліп қалған. Шамамен мерзімінен бұрын (7-8 айлық) кішкентай бала екен», – деді куәгер.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге баланы қоқысқа кімнің тастап кеткені белгісіз.

Айта кетсек, шақалақтың денесі Талдықорғандағы 7 шағын аудандағы 17 үйдің қоқыс төгетін жәшігінен табылды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.