Азық-түлік бағасын ұстап тұруға бағытталған 39 млрд теңге желге ұшты

256

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысында салмақты жемқорлық қауіптері барын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысында салмақты жемқорлық қауіптері бар. Қайдағы бір инвестициялық жобаларды жүзеге асыру сылтауымен жем учаскесін конкурстан тыс беру кездеседі. Азық-түлік бағасын шқандай нәтижесіз 39 млрд теңге жұмсалып кеткен. Несиелер аффилирленген компаниялар бөлініп, оған бақылау мүлде жүргізілмеген", - дейді Олжас Бектенов астанада өткен жиында.

Оның айтуынша, осы факттерді тексеру барысында ӘПК басшыларының үстінен 11 қылмыстық іс қозғалған. Шығын – 7 млрд теңге.

"Жалпы ӘПК жұмысында негізгі ереже іске асырылмай келеді. Ол – бизнестің дамуын ынталандырып, жеке секторға қатысы жоқ салаларды қолдау. ӘПК-нің негізгі табысы депозиттер мен мүліктерді сатудан келу тиіс", - дейді Бектенов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.