Ақтөбе әкімі қызметін 1,5 миллион долларға ұсынған - ҰҚК

355

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақтөбе қаласының әкімі қызметі 1,5 миллион долларға ұсынылған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері деректі фильмде айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 

"Адамдар ештеңеден қорықпай, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде танысқан. Өзін таныстыра отырып, олар саяси лауазымдарға тағайындау үшін ақша талап етеді. Мысалы, биыл Ақтөбе қаласының әкімі қызметін бір жарым миллион долларға ұсынған. Олар 30 миллион теңге көлемінде аванс беру кезінде ұсталды", - делінген фильмде.
 

Бүгін, 13 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 30 жыл толды. Президенттің телерадиокешені ҰҚК қызметіне арналған жаңа деректі фильмді ұсынды.

Фильм кейіпкерлері - Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің қызметкерлері, қызмет ету ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Фильмде ең алдымен мемлекет қауіпсіздігіне төнген қатердің алдын алуға бағытталған ҰҚК жұмысына ерекше көңіл бөлінген. Жаһандық күн тәртібі жағдайында арнайы қызметтердің жұмыс формалары мен әдістері өзгеріп жатыр. Бірақ мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның бірлігі мен тұрақтылығы, азаматтардың әл-ауқаты қашанда басым болып келген және солай болып қала береді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.