Әкімдер жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуы тиіс – Президент

275

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды  «Opennews.kz» ақпарат агенттігі  

«Соңғы жылдары халықтың табысы біртіндеп өсті. Былтыр бұл өсім 5 пайыз шамасында болды. Бірақ, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жұрттың табысы орташа республикалық деңгейге жетпейді. Бұл көрсеткіш Алматы және Шымкент қалаларында да төмен. Ал, Қызылорда облысында халықтың табысы тіпті азайып кетті. Биыл мамыр айында азаматтардың нақты табысының көрсеткіші минус 2,9 пайыз болды», – деді Мемлекет басшысы. 

Президент жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізілуі керек екенін жеткізді. Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуы тиіс.
«Өңір басшыларының жұмысын бағалаған кезде осы көрсеткішке баса мән береміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.