Діни шараларды өткізу үшін енді әкімдікке ескерту жасау қажет

314

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.


Облыстар мен қалалардың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі жергілікті атқарушы органдары діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекітеді. Сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі хабарламаларды қарастырады.  Арнайы өзгертулерді ҚР Қоғамдық даму министрлігі жасайтын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Стационарлық жайлардың орналасуын бекіту және діни ғимараттардан тыс іс-шараларды өткізу туралы хабарламаны қарау кезінде төмендегі шарттар ескеріледі:
  • "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасқан жерін бекіту туралы шешім беру" Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес өтініш берушілер ұсынған құжаттар; діни заттар";
  • үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық-географиялық ерекшеліктеріне;
  • облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы діни ахуал;
  • стационарлық үй-жайлардың және діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуы.
Бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында 10 тамызға дейін жарияланған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.