Екі сотталғанның жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып түзеу мекемесінен босатылды

355

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

26.07.2022 жылы қауіпсіздігі барынша төмен  ЗК-169/4 мекемесінде  2 сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылуына байланысты, «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында  азаматтарды  шығарып салу шарасы өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Шараға қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны С.Спанов, Қызылорда қалалық оңалту орталығының психолог маманы З.Бисекова, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Ә.Жақсылық және ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері қатысты.  


Жоба аясында мамандар бұл азаматтарға босатылғаннан кейінгі сотталғанның тұрмыстық және жұмысқа орналасу жөніндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.  Одан соң, босатылған соң  жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берді. 


Босатылған азаматтармен одан әрі олардың тұрғылықты мекенжайына байланысты пробация есебіне қойылып, олармен пробация қызметкерлері жұмыс жүргізеді. 


«Бүгін мен үшін қуанышты күн. Өйткені отбасыма, балаларыма оралғалы тұрмын. Мекемеде жазамды өтей жүріп, бостандықтың  қадірін түсіндім. Ендігі жерде балаларыма дұрыс тәрбие беріп, жақсы азамат етіп шығаруға бар күшімді саламын. Бүгінгі шарадан сала мамандарынан ақпарат алдым, жұмысқа орналасу , әлеуметтік –құқықтық көмектер алу үшін қай жерге баруға болатынын білдім. Мекеме қызметкерлері мен қажетті ақпарат берген мамандарға алғысым шексіз»,- деді сотталған азамат. 


Дана Достанова 
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.