Екібастұзда целлофанға оралған «мәйіт» тіріліп кетті

285

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Целлофанға оралған ер адам екібастұздықты шошытты, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Екібастұз қаласының тұрғыны әдеттегідей таңертең сағат 07.00-де итін серуендету үшін далаға шықты. Қала тұрғыны М.Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында сыртынан ешқандай тіршілік белгісі жоқ, целлофанға оралған ер адамды байқаған.


Қала тұрғыны бірден полицияға хабарлауға асықты, өзімен бірге телефоны болмағандықтан, ол жақын жерде орналасқан автотұрақ қызметкерлерінен полицияға хабарлауды сұрады. Оқиға орнына жеткен полицейлер целлофанды ашып жатқан кезде, кенет “мәйіт” орнынан тұрып жүгіре жөнелді.


Белгілі болғандай, бір күн бұрын алкогольді көп ішіп қойған ер адам үйіне жете алмай, жерден целлофан тауып алып, жаңбырдан жасырынамын деп оны үстіне жауып алып, ұйықтап қалған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.