Қарағанды тас жолында 8 адам қайтыс болды: Автобус жүргізушісі рөлді балаға берген

341

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қарағанды облыстық полиция департаменті 8 адамның өмірін қиып кеткен жол апатының негізгі себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


16 шілде күні таңғы сағат 3.20-да "Алматы-Екатеринбург" тас жолымен келе жатқан екі көлік Шет ауданында соқтығысты.


"MAN" жүк көлігі мен "Mercedes Sprinter" шағын автобусы бетпе-бет келді. Сол кезде автобус салонында 17 жолаушы отырған. Соққының қатты болғаны сонша, жеті адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы біреуі жедел жәрдем көлігінде ауруханаға жетпей, көз жұмды.


Бұдан бөлек, тоғыз адам сан алуан дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Ысмағұловтың айтуынша, адам таситын көлік жүргізушілерінің көбісі жұмыс режимін сақтамайды. Ұйқысы қанбаса да, жолға шығып кетеді.


"Осы жолы Mercedes Sprinter-дің жүргізушсі Алматыдан Нұр-Сұлтанға шыққан. Балқаш қаласына жеткенше шаршап қалды. Содан рөлге кәмелет жасқа толмаған баланы отырғызды. Ол бала, шамамен, 200 шақырымдай жүргеннен кейін жолдың қарсы бетіне шығып кетті. Сол кезде жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты", - дейді Ысмағұлов.


Жол апатында автобус жүргізушісі де, оның 17 жастағы көмекшісі де қайтыс болды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.