Көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды мектепке дайындау үшін қаражат бөлінеді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
400 мыңнан астам баланы мектепке дайындау үшін мемлекет қаржылай қолдау көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев мәлімдеді.
Балалар жылында Оқу-ағарту министрлігі «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында оқушыларға көрсетілетін материалдық көмек ережелеріне өзгерістер енгізді. Осының нәтижесінде әлеуметтік осал санатындағы 400 мыңнан астам баланы мектепке дайындау үшін мемлекет қаржылай қолдау көрсетеді.
Министрлік өкілінің мәліметінше, биыл атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ, Дулат Жекебаев жаңа оқу жылы қарсаңында жетімдер үйінің тәрбиленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және төтенше жағдайға тап оқушыларға да материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.
Читайте также

Қаз
Рус





