Гүлнәр Каримованың шет елдегі қаржысы Өзбекстанға қайтарылады

314

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнәрға тиесілі 131 млн доллар Швейцариядан елге қайтарылады. Бұл туралы өзбекстандық БАҚ жариялады, деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам КаримовUznews.uz сайтының мәлімдеуінше, биыл 16 тамызда Берн қаласында Өзбекстан мен Швейцария арасында «Швейцарияда тәркіленген заңсыз сатып алынған активтерді Өзбекстан халқының игілігіне қайтару тәсілдері туралы» келісімге қол қойылды. Оған Әділет министрі Русланбек Давлетов мен Швейцария президенті Иньяцио Кассис қол қойған.

“Бұл Гүлнара Каримова бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың бұрын заңсыз сатып алған және Швейцарияда заңдастырылған 131 млн долларды (шамамен 1,4 трлн сум) Өзбекстан халқына қайтаруға мүмкіндік береді”, деп жазылған Өзбекстанның әділет министрлігі таратқан хабарламада.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.