Жалған түбіртекпен 10 қап қант сатып алған ер адам ұсталды

304

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркістан облысы Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Әйелдің айтуынша, танысы одан азық-түлік дүкенінен 10 қап қант сатып алып, жалған түбіртек көрсеткен деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

 


Жәбірленушіге келтірілген шығын 180 мың теңгеден асады. Көп ұзамай, полицейлер күдіктіні анықтады. Бұл жергілікті тұрғын болып шықты. Ол полиция бөліміне жеткізілді.


Белгілі болғандай, жас жігіт «оңай жолмен» ақша таппақ болған. Күдікті жалған түбіртек көрсетіп, тауарды алып, оқиға орнынан бойтасалаған. Кейін ол қант салынған қаптарды сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.