ГАЗ БАҒАСЫНА ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ

185

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіКеше облыстағы табиғи газ бағасының негізділігін түсіндіру мақсатында облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалағымен ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі А.Хасеновтың және «QazaqGaz» ұлттық компаниясы өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жиынға «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Л.Төрешова, Қызылорда облысының мемлекет және қоғам қайраткерлері И.Абибуллаев және Қ.Баймаханов, облыстық прокуратура өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері және аумақтық және жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.
Аталмыш шарада министрлік тарапынан газдың тұтыну көлемдері, жеткізілу көздері және бағаны қалыптастыру жүйесі туралы ақпараттар берілді.
Мәжіліс барысында зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері мұнай кеніштерін электр энергиясымен жабдықтаушы Кристал Менеджмент компаниясының газ тұтыну көлемдерін қайта қарау, Ақшабұлақ газ құбырын облыс тұрғындарының қажеттілігіне толықтай бағыттау арқылы газ бағасын төмендету бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.
Шара қорытындысымен министрлік өкілдері өз тарапынан айтылған ұсыныстарды Ұлттық экономика министрлігі, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы және «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірге толықтай зерделеп, тиісті талдау жасайтынын мәлімдеді. 
Айта кету керек, мәселе облыс әкімінің тікелей назарында.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.