Жезқазған қаласында ер азамат өз серіктесін атып өлтірген

290

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

22 тамызда Жезқазған қаласының полиция бөліміне екі қабатты үйдің пәтерінде кісі өлімі болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Фото: pixabay.comОқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің 54 жастағы қала тұрғынына тиесілі екенін анықтады.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 60 жастағы қала тұрғынын ұстады.


Күдіктінің айтуынша, марқұм оның бизнестегі бұрынғы серіктесі болған. Кейін өзара бизнесті жауып, дүние-мүлікті бөліскен. Осының негізінде ер адамдар арасында бірнеше жылға созылған жанжал туындаған.

Күдікті гаражда аңшы мылтығын тазалап отырған кезде серіктесінің аулаға шыққанын көріп, оны атып тастаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.