5 жасар қыз бен шақалақ сәбиді ата-анасы аптап ыстықта құлыпталған көлік ішінде тастап кеткен

312

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жетісайда құлыпталған көлік ішінде 5 жасар қыз бен шақалақ сәби қалып қойған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 


Фото: polisia.kzЖетісай АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, яғни куәгерлердің бірі хабарласып, Жетісай қаласы көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінің ішінде 5 жасар қыз бен бөпенің құлыптаулы қап кеткенін айтқан.

Оқиға орнына бірден шыққан полицейлер тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде балалардың ата-анасы анықталып, жауап алынды. 

Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар диагностикалық орталыққа кезекке тұрып келу үшін кеткен.

Бұл аралықта 10 минут шамасында уақыт өткен.

Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары алдағы уақытта бұндай жағдайдың қайталанбауы үшін кішкентайлардың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізді.

Қазіргі таңда нәресте мен жасөспірім қыздың жағдайы жақсы. Ата-анасымен бірге.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.