Алматы қаласында көшенің қақ ортасында такси тоқтататындар жауапқа тартылмақ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Енді Алматыдан шыға берістегі жерлерде такси ұстаушыларды "Сергек" камералары бақылайтын болады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Бұдан былай жолдағы қозғалысқа бөгет жасап, көшенің қақ ортасында тұрып такси тоқтататындар жауапқа тартылуы мүмкін. Оны қадағалайтын камералар 3 көшенің қиылысына орнатылмақ. Кептелістен көз ашпайтын кей көшелердің көрінісі әлі де аянышты халде. Қозғалысты шектеп, жолдың ортасына такси тоқтататындар көбінде қаланың шыға берістегі көшелерінде кездеседі.
Бұдан былай таксиді тас жолдың ортасына шығып тоқтату қиындайды, өйткені жол қозғалысын шектеп, шектен шықсаңыз, айыппұл арқалауыңыз әбден мүмкін.
Көпшіліктің бұл ойын құптамайтындар да бар. Қала түрғындарының айтуынша, жол ортасына шығып, көлік қозғалысын қиындататындарды қадағалау дұрыс, "Сергек" камерасының көмегі көп.
Ал қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы эксперименталды жобаның жуырда жолға қойылатынын айтып отыр. Олардың айтуынша, кейбір азаматтар өз әрекеттерімен жолды тарылтып, кептелістің және төтенше жағдайдың туындауына әкеп соғады.
"Сергек" камераларының нақты қашан қойылатыны алдағы уақытта мәлімдейді. Әзірге полиция қызметкерлері ол маңда тек түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қаз
Рус






