Маңғыстаулық әйел үйдің ауласына есірткі еккен

274

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Маңғыстаулық әйел үйдің ауласына есірткі еккен, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Фото: polisia.kz22 тамыз Мұнайлы ауданы полиция бөліміне Н. есімді жергілікті тұрғынның Маңғыстау облысы аумағында есірткі затын өсірумен және таратумен айналысып жүргені туралы ақпарат келіп түскен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесімен Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 44 жастағы әйел адам ұсталып, оның мекенжайы бойынша тінту жүргізу барысында үйінің ауласынан салмағы 4 келі 8 грамм болатын есірткі өсімдігі тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.