БИЫЛ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА – 27 ЖЫЛ

293

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kzБиыл ҚР Конституциясының қабылданғанына - 27 жыл толды. Маусым айының 5-і күні жалпыхалықтық референдумда Ата Заңның 33-бабына  16 тармақ бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, толық күшіне енген болатын,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


- Биыл Мемлекет басшысы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша арнайы Жарлыққа қол қойған болатын. Соның негізінде республикалық деңгейде Орталық сайлау комиссияның құрамымен өңірлерді аралап, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жаңадан енгізілген Конституцияда жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындау, Конституциялық сот құру туралы арнайы заң қабылдады. Бұдан басқа, «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да әзірленуде. Аталған заңдарды осы жылдың соңына дейін  қабылдау межеленген, - деді облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Әлмеш Баукен. 


- ҚР жеке сот орындаушылар республикалық палатасы әлемдегі ең жас институттардың бірі. Қазіргі таңда республика аумағындағы барлық облыстарында жеке сот орындаушылар жұмыс істеуде. Жеке сот орындаушылардың негізгі мақсаты – сот шешімдерін, сот қаулыларын және басқа да құжаттарды орындау болып табылады. Бүгінде  аймақ бойынша 80-ге жуық жеке сот орындаушы қызметкер бар. Осы ретте жыл басынан бері барлығы  267 872 атқарушы құжаты орындалып, 73 млрд теңгеден астам қаржы тиісті заң арқылы өндірілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 44 мың атқарушы құжатқа артық орындалды, - деді Қызылорда облысы жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының басшысы Кирилл Десятниченко.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.